Аудармашы
Аударма жасауға бейімдік – жастайымнан бойыма біткен қабілет. Студент кезімде орыс тіліндегі мәтінді көз жүгірте оқып тұрып, қазақшаға аудара беретінмін. Осы қабілетімді байқап, кейбір оқытушымыз лекцияларын аудартып алғанын курстастарым жақсы біледі.
Кейін аударманың теңіздей әлеміне тереңдей түстім: шағын танымдық материалдардан бастап, философиялық еңбектерге, саяси мақалаларға, көлемді кітапқа дейін орысшадан қазақшаға аудардым. Аударманың жаңа қырларын игердім: қазақшадан орысшаға аударма жасадым, ілеспе аударма өнерін меңгердім. Қазақ аударматану ғылымының жаңа саласы – ілеспе аударманың бастауында тұрдым. Осы салада диссертация қорғадым.
Бөлімде менің аударма мәселесіне арналған мақалаларым, берген сұхбаттарым және ілеспе аударманы дамытуға қосқан үлесім туралы кейбір материалдар жарияланған.
Интервью о творчестве, о синхронном переводе (сұхбат)
Высший пилотаж двуязычия (мақала)
Нұр-Отанның Саяси кеңесі. Ілеспе аударма (жаңалық)
Казправда. Интервью о синхр-м переводе (мақала)
Мастер-класс для переводчиков-синхронистов (жаңалық)
Наша профессия – переводчик! (жаңалық)
Үш тілді сөздіктің тұсаукесері (жаңалық)
Ілеспе аударманың саяси өмірдегі рөлі (сұхбат)