Ақын
«Екі шумақ өлең шығару – әр қазақтың қолынан келеді» дегенді бала жастан естіп өскендіктен, шығармашылығымда өлеңге басым мән бермегенім рас. Бірақ көкейге келген шумақтарды іркіп қалу мүмкін болмаған соң, қағазға түсіретін болдым. Тақырып қуалап, тапсырыспен өлең жазған емеспін. Ал, ойламаған жерде құйыла салатын өлеңдерім өзіме қатты ұнайтын. Айналамдағылар да назар аударды. Композиторлар кейбір өлеңімді қалап алып, ән жазды. Осылайша, мен «ақын» деген мәртебеге ие болдым.
«Жүрегімде жасырған жырларым» атты өлеңдер жинағым үшін 2025 жылы Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығы табыс етілді.
Abai TV бейнематериалы "Сарасөз" (сұхбат)
Менің өлеңдерім арқау болған бейне роликтер де бар. Осы жерде солардың бірін атап өткім келеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алғыс айту күні мерекесі белгіленгенде жұртшылық оның мән-мағынасын терең түсіне алған жоқ. Сол кезде Жарлықтың қиын-қыстау күндерде пана болған қазақ халқына алғыс айту туралы 1-тармағына сүйеніп, “Ризамын, елім, саған” бейнеролигі түсірілген.
Роликте Жарлықтың мәні кең ауқымда, көркем түрде ашып көрсетілген. Мен осы еңбегіммен миллиондаған адамның тағдырын күрт өзгерткен саяси қуғын кезеңінің тарихта қалуына үлес қосқанымды мақтаныш етемін.
Роликтегі кейіпкерлер - Қазақстанды мекен ететін этностардың көшбасшы өкілдері, елімізге аты танымал тұлғалар Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубаев, Майра Мұхамедқызы, еңбекте, өнерде, спортта үлкен жетістікке жеткен ел жастары менің өлеңдерімді оқиды. Олардың бәрі ел мен жерге деген ризашылық сезімдерін поэзия тілімен, қазақша білдіреді.
Ризамын, елім, саған! бейнеролигі
Сондай-ақ өлеңдерім үлкен іс-шараларда, концерттерде оқылып жүр. Төменде солардың бірі – «Мың алғыс» концертінен үзінді.
"Қазақстан" республикалық теле-радио корпорациясының "Мың Алғыс" жобасы аясындағы концерттен үзінді