Журналист

Камал Әлпейісова

Журналистиканы университетте оқыған жоқпын, өмірден үйрендім. Оқу бітірген соң «Лениншіл жас» газетінде корректор болып, сол кездегі мықты журналистердің мақалаларының қатесін тере жүріп, үйрендім. Сосын «Қазақстан әйелдері» журналына қызметке шақырылдым. Сол ортада сөздік қорым бай, білімім жан-жақты екенін байқап, тапсырма бере бастады. Журналдың аударма материалдары да маған жүктелді. Бұл кезең мен үшін үлкен мектеп болды. Келе-келе әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеретін тақырыптарға тайсалмай қалам тартатын, талдамалық, сарапшылықматериалдарды жалтақтамай жаза алатын журналиске айналдым.

Нәтижесінде республикалық, халықаралық байқауларда еңбегім бірнеше рет дараланды. 2018 жылы республикалық «Шаңырақ» байқауының бас жүлдесіне ие болып, 2025 жылы «ALAMAN» халықаралық байқауында ІІ орын алдым

Камал Әлпейісова

Бұл бөлімде ел өміріндегі маңызды мәселелер, мемлекеттік билік жүргізіп отырған саясат, адамгершілік, білім, адал еңбек, т.б. тақырыптарға жазылған менің кейбір мақалаларым жарияланған.

Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы (мақала)

Жанат деген жанған от, намыс-жігер (мақала)

Салт төресі – төркіндеу (мақала)

Тоқаев тағлымы (мақала)

Қоғамдық келісімнің қара нары (мақала)

«Қазақтанудың» қарышты қадамы (мақала)

Қазақтанудың қарышты қадамы (мақала)

Ұлы даланың ұлы тарихқа тағзымы (мақала)

Жақсылық Ғайсин - біздің заманның адамдық диқаншысы (жазба)

Табылды Досымов туралы (ой)