Марапаттар
Менің 40 жылдан астам уақыт бойғы еңбегім мемлекет және қызмет еткен органдар тарапынан лайықты бағаланды. Мемлекеттік марапаттар: Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Құрмет» ордені, «Парасат» орденімен наградталдым. Сондай-ақ көптеген салалық, мерейтойлық медальдер мен төсбелгілер, небары 26 наградам бар. Солардың ішінде қаламгер ретінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын; қазақ тілінің дамуына қосқан үлесім үшін «Тіл жанашыры» төсбелгісін;ел бірлігін сақтауға сіңірген еңбегім үшін берілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін ерекше атап өтуге болады.
Құрмет
ҚР Құрмет грамотасы - менің еңбектегі жоғары жетістіктерімді тану белгісі ретінде берілген тұңғыш мемлекеттік награда. Онымен ҚР Президентінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес наградталдым. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесім бағаланып, ҚР Президентінің 2020 жылғы 3-желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталдым.
Парасат
Мәдениет, ғылым, әдебиет пен өнер, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызмет саласында еткен елеулі еңбегім үшін жоғары дәрежелі мемлекеттік наградаға ие болдым. 2026 жылы 6 наурыз күні Ақордада өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парасат» орденімен белгілі жазушы, аудармашы, тіліміздің нағыз жанашыры Камал Әлпейісова марапатталады» деп атап көрсетті.
Алаш
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы маған жазушылардың 2025 жылы 30 сәуір күні өткен жиынында «Жүрегімде жасырған жырларым» атты өлеңдер жинағым үшін берілді. Бұл – қазақ  әдебиеті пен руханиятына сүбелі үлес қосқан ақын-жазушыларға Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан берілетін беделдi сыйлық. Оған жыл сайын ақындар, жазушылар, балалар әдебиетінің авторлары және әдебиетті насихаттап жүрген қайраткерлер ие болады.    

1.     Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2007)

2.     «Құрмет» ордені (2020)

3.     Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығы (2025)

4.     «Парасат» ордені (2026)

5.     «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)

6.     ҚР Президентінің Алғысы (2005), (2015), (2019) 

7.     «ҚРКонституциясына 10 жыл» (2005)

8.     «ҚР Парламентіне 10 жыл» медалі (2006)

9.     ҚР Парламент Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасы (2006), (2010)

10.  «Астананың 10 жылдығы» медалі (2008)

11.  ОБСЕ саммитінде ілеспе аударма жасағаны үшін естелік белгі (2010)

12.  ҚР Парламент Сенаты Төрағасының Алғыс хаты (2018)

13.  «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)

14.  Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты (2017)

15.   «Астананың 20 жылдығы» медалі (2017)

16.  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі (2018)

17.  Арқалық қаласының құрметті азаматы (2018)

18.  «ҚР Ішкі әскерлерінің 25 жылдығы» медалі (2019)

19.  «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» медалі (2020)

20.  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі (2020)

21.  Амангелді батырдың 150 жылдығына және Амангелді ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2023)

22.  «Тіл жанашыры» төсбелгісі (2024)

23.  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалі (2025)

24.  Ерекше балаларды қолдау жөніндегі «ДЕМЕУ» қорының төсбелгісі (2025)

25.  «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2026)

26.  Республикалық аналар кеңесінің ең жоғары марапаты “Ел анасы” атағы (2026)

27.  «ҚР Парламентіне 30 жыл» медалі (2026)