Мен ертегі оқимын
Оқушы кезден ертегі оқығанды және оларды өзімнен кішкентай балаларға айтып беруді жақсы көрдім. Жазушы ретінде қалыптасқан соң ертегі әлемінеқызығушылығым қайта оянды. Аналар кеңесінің мүшесі ретінде мектеп оқушылары арасында «Мен ертегі жазамын» деген жоба жүргіздім. 2021 жылы «Қазақстан халық ертегілері» атты 2 томдық ертегілер кітабы жарық көрді. Онда әуелі қазақ халқының ертегілеріне орын берілді. Оған қоса Қазақстанды мекендеген бірнеше ірі этностың ертегілерін орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасадым. Сол ертегі кітаптарын бала бақшалардың бөбектеріне, мектептің бастауыш сыныптарында оқитын балаларға барып оқып жүрдім. Қазақ радиосында ондаған хабар ұйымдастырылды.  
Төменде Астананың Жағалау шағын ауданындағы БИНОМ мектебінің оқушыларына ертегі оқып отырғаным бейнеленген.
Ал төменде менің ертегі оқыған кездегі бейнематериалдардың сілтемелері берілген.
Ертегілер әлемі - Түлкі мен тырна
Кедей қазды қалай әділ бөлді?
Ертегілер әлемі - Бұлбұл туралы ертегі
Ертегілер әлемі - Бұқа, есек және тұлкі
Ертегілер әлемі - Ұрлық қарын тойдырмас
Ертегілер әлемі - Арыстан мен тышқан