Жолжазбалар
«Атың барда ел таны желіп жүріп» деген халық нақылы бар. Өз қатарымнан қалмай оқыдым, қызмет еттім. Балаларымды жақсы тәрбиеледім. Енді солардың демеушілігімен ел көріп, жер көріп жүрмін. Бірнеше шет мемлекеттеріне саяхаттадым. Барған жерлерімнен Фейсбукта танымдық посттар салып отырамын.

Болашақтағы саяхаттардан жазылатын жолжазбаларымды оқып, бірге саяхаттау үшін сіздерді аккаунтыма жазылуға шақырамын.
Фейсбуктағы жазбаларым фейсбукте #менің_нұрлы_әлемім деген хэштегпен жарияланады.

Осыған дейін Меккеге, Америкаға, Сеулге барған сапарларым мен халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған автожорық туралы жазбаларым фейсбуктегі оқырмандарыма ұнады. Оларды төменде оқи аласыз.